January 17, 2024
37 Tracks
00:00
1X
- Иран Ислам революциясын көптеген себептерге байланысты 20 ғасырдың теңдессіз революциясы деп атауға болады. Ол қазіргі заманда жоғалып кеткен діни және рухани құндылықтарға негізделген жаңа өмір салтын ұсынып, әділет, азаттық, қауіпсіздік және тәуелсіздік сияқты түбегейлі құндылықтарды алға тартқан болатын. Сондықтан бұл революцияны дұрыс түсіндіру өте маңызды. Бүгінгі подкастта Иран Ислам революциясының қалыптасу жолдарын қарастырып, оның басқа[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың екінші эпизодының тақырыбы: Ислам революциясы – күш қолданбау әдісі Армысыздар, ардақты ағайын! Осы подкасттың бірінші эпизодында мынадай сұрақтар қойылды: "1979 жылы Иранда революцияның жеңіске жетуіне септігін тигізген өзгерістердің қандай ерекшеліктері болды? Отандық және шетелдік тәжірибелі сарапшылардың барлығы дерлік және әлемнің көрнекті саясаткерлері неге оны болжай алмады?" Осы сұрақтарға[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың үшінші эпизодының тақырыбы: 1979 жылғы Ислам революциясы мен 1905 жылғы Машруте – конституциялық революция арасындағы байланысты қарастыру. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың үшінші эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл подкастта 1979 жылы Иранда Ислам революцияның қалыптасу жолы, оның басқа революциялардан ерекшеліктерін талдаймыз. Өткен эпизодта[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың төртінші эпизодының тақырыбы: Тәуелсіздік арманы. 1979 жылғы Ислам революциясы мен 1905 жылғы Машруте – конституциялық революция арасындағы байланысты осы арман тұрғысынан қарастыру. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың төртінші эпизодын тыңдап отырсыздар. Өткен эпизодта конституциялық революцияға әкелген саяси-әлеуметтік оқиғаларды қарастыра отырып, одан кейінгі,[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың бесінші эпизодының тақырыбы: Әлеуметтік әділеттік арманы және оның конституциялық революция мен Ислам революциясымен байланысы. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың бесінші эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл подкастта 1979 жылғы Иран революциясының қалыптасу үдерісін нақты түсіндіруге тырысып, оны басқа маңызды революциялардан ерекшелендіретін тұстарды санамалап, мынадай[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың алтыншы эпизодының тақырыбы: Еркіндікті талап ету: Конституциялық революция мен Ислам революциясының арман-мақсаттарының байланысы. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың алтыншы эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл подкастта 1979 жылғы Иран революциясының қалыптасу үдерісін нақты түсіндіруге тырысып, оны басқа маңызды революциялардан ерекшелендіретін тұстарды санамалап, мынадай сұраққа[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың жетінші эпизодында Реза шах Пехлевидің саясаты мен жоспарларының Ислам революциясының қалыптасуына әсерін талдаймыз. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың жетінші эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл подкастта 1979 жылғы Иран революциясының қалыптасу үдерісін нақты түсіндіруге тырысып, оны басқа маңызды революциялардан ерекшелендіретін тұстарды санамалап, мынадай сұраққа[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың сегізінші эпизодының тақырыбы: Бірінші Пехлевидің саясаты мен жоспарларына реакция. Бұл бөлімде біз сіздерді Реза шах дәуіріндегі саяси-әлеуметтік оқиғалардың басқа аспектілерімен таныстырамыз. Осы кезеңде конституцияшылдардың тағы екі арманы, яғни бостандық пен әділеттікке ұмтылу да тәуелсіздік алу талабы сияқты Иранның шешім қабылдау сахнасынан жоғалып кетті. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың тоғызыншы эпизодының тақырыбы: Мұнай – Иран халқының тәуелсіздікті талап етуінің символы. Бұл бөлімде біз Иранның конституциялық революциясының тағы бір арманы, яғни саяси-экономикалық тәуелсіздік алу арманының х.ш.ж.с.б. 1332 жылы 28 мордадта болған мемлекеттік төңкерістен кейін қалай жойылғанын қарастырамыз. Ұлыбритания, АҚШ және Мұхаммед Реза шахтың әріптестігімен жасалған төңкеріс шахтың АҚШ-қа[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың оныншы эпизодының тақырыбы: Шах режимінің АҚШ-қа тәуелділігіне реакция. Осы бөлімде 28 мордад төңкерісінен кейінгі жылдардағы режимнің АҚШ-қа тәуелділігін талқылаймыз. Бұл Иран халқының шах режимі мен оның жақтастарына қарсы қоғамдық ашуын тудырды. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың оныншы эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл подкастта[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың он бірінші эпизодының тақырыбы: Иран халқының бостандыққа ұмтылуға және озбырлыққа қарсы тұруға талпынысы Он бірінші бөлімде шах режимінің деспотизмі және оның түрлі қырлары туралы түсіндіріп, Конституциялық революциядан бастап Иран халқының үш мұратының бірі болған азаттыққа қол жеткізу мақсатының шах режимі құлап, Ислам революциясына әкелген оқиғалардағы көрінісін қарастырып, талдаймыз.[...]
- Ислам революциясының қалыптасу үдерісін талдауда өмірлік маңызы бар тақырыптардың бірі – халықты билеуші режимге қарсы жұмылдыру үдерісіндегі әртүрлі күштер мен әлеуметтік топтардың рөлі. Бұл бөлімде студенттердің Пехлеви режиміне қарсы күрестегі және Иран Ислам революциясының қалыптасуындағы рөлі туралы сөз қозғаймыз. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың он екінші эпизодын тыңдап отырсыздар.[...]
- "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың он үшінші эпизодының тақырыбы: Ислам революциясының жеңіске жетуіндегі әлеуметтік күштердің рөлі (Екінші бөлім: Жұмысшылар) Бұл бағдарламада сіздерді Ислам революциясының жеңіске жету үдерісіндегі жұмысшылардың рөлімен таныстыруды көздеп отырмыз. Армысыздар, ардақты ағайын! Сіздер "Иран Ислам революциясының қалыптасу тарихы" атты подкастымыздың он үшінші эпизодын тыңдап отырсыздар. Бұл бөлімде осы революцияның басқа[...]
- Қоғамда әділет орнату Қоғамда әділет орнату тарих бойындағы адамзат проблемаларының, Ислам революциясындағы Иран халқының негізгі армандарының бірі болды. Имам Хомейни Ислам дінінің негіздері мен шиіт мазхабының тағылымдарына сүйеніп, үстемшілдер мен ішкі және империалистермен қарсыласуды өзінің саяси күресінің негіздері ретінде қалыптастырды. Сол себепті Ислам революциясы болып, оның жеңіске жету үдерісінде билеп-төстеуші жүйемен қарсыласып, саяси тәуелсіздікке ие болу[...]
- Таптық айырмашылықты жою Имам Хомейни таптық айырмашылықты жою мен қоғамның мүмкіндіктері мен байлықтарын әділ бөлуді қоғамдық әділетке жетудің қажеттіліктері деп атап, қоғам байлықтарын тарату үшін қоғамдық және үкіметтік механизмдерді қалыптастырды. Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, жаратылыс әділет негіздері бойынша жаратылған, оның заңдары да әділетке негізделген. Имам Хомейни илаһи пайғамбарлардың негізгі мақсаты жеке адам мен қоғамдық салада әділет[...]
- Саяси әділдік Қоғамдық әділеттің тұрғыларының бірі - саяси әділдік. Саяси әділдік билік пен саясат және халықтың қатысуына байланысты. Ислам революциясы негізін қалаушы имам Хомейнидің экономикалық әділетке деген көзқарасы өнім шығару және оны тарату әділетіліктері санаттарымен шектелмеді. Бұл кісінің көзқарасы бойынша, экономикалық әділет қоғамда оның барлық азаматтары үшін тең экономикалық мұрсаттар қалыптасқан және қоғамның барлық адамдары[...]
- Сот әділдігі Сот әділеттілігі дегеніміз, қоғамдағы жағдайдың сот билігіне келген адамдарға өз құқығына қол жеткізу үшін қолайлы болуын білдіреді. Басқаша айтқанда адамдар өз құқыларына сот билігі арқылы жете алатын болады. Сот билігі адамдарға қайшылықтарын дау-дамай арқылы шешуге рұқсат етпеуге тиесілі. Имам Хомейни соттарда шариғаттың сақталу қажеттілігін қуаттап, әрқашан сот әділеттілігін сақтап, кемсітушілік пен талан-таражға жол[...]
- Иран конституциясы Әділ Сот – адамдардың өз құқықтарына жетуіне жағдай жасап, құқық бұзушылықтардың алдын алу. Ислам негіздеріне сүйенген әділет пен сот қауіпсіздігін орнату – имам Хомейнидің көзқарасындағы ең маңызды тақырыптардың бірі. Сондықтан имам Хомейни заң алдында бірдей болу, барлық азаматтардың, тіпті айыпталғандардың құқықтарын сақтаудың қажеттілігі, әділетсіз артық кетушілік пен басқалардың құқықтарын бұзудан аулақ болу, абақтыдағылардың құқықтарын сақтап,[...]
- Азаттық Азаттық та әділет сынды әлемдегі барлық күрескердің армандарының бірі. Сондықтан азаттық әлемнің саяси әдебиетінде өте жоғары бағаланады. Әр мектеп азаттық туралы басқалардан өзгеше өз сараптамасын ұсынады. Бірақ барлық интеллектуалды және саяси мектептер арасында либерализм азаттықтың маңызды жақтаушысы болды деп даусыз айтуға болады. Дегенмен философтардың азаттық пен оның шектеулері туралы ой-пікірі әртүрлі. Либерализм мектебі ойшылдарының[...]
- ИИР-дағы саяси партиялар Бүгінгі бағдарламада имам Хомейнидің Ислам республикасы жүйесіндегі саяси партиялар мен топтардың азаттығы жөніндегі пікіріне тоқталамыз. Діни аз санды топтардың құқықтары мен олардың діни, саяси және қоғамдық белсенділігін құрметтеу, Ислам республикасы жүйесіндегі әйелдер белсенділігінің азаттығын ресми тану, саяси наразылықтардың азаттығы, университеттер мен студенттердің, әсіресе студенттік ұйымдардың белсенділігі – ИИР жүйесіндегі азаттықтың ең маңызды көрсеткіштері. Имам[...]
- ИИР-дағы саяси партиялар Имам Хомейнидің Ислам республикасы жүйесіндегі 10 жылдық билігі кезіндегі саяси партиялар мен топтар туралы көзқарасына тоқталамыз. Алдыңғы бағдарламаларда имам Хомейнидің Иран халқының исламдық қозғалысы кезіндегі саяси партиялар мен топтар құру және олардың белсенділігінің бостандығы туралы көзқарастарын талқыладық. Имам әртүрлі интеллектуалдық және саяси салалардағы Пехлеви әулетінің саяси органдарға қатысты саясаты мен жоспарларын сынға[...]
- Ислам революциясының ерекшеліктері Ислам революциясының жеңісінен алты ай өтпей, Ислам республикасы жүйесі жөнінде референдум өткізілді. Сондай-ақ, саяси кеңістік ашылып, әртүрлі саяси партиялар мен топтар жұмыстарымен еркін айналысатын болды. Ислам революциясы ерекшеліктерінің бірі Ислам революциясы жетекшісінің қырағылығымен үстем жүйе құлай салысымен, мемлекет ішкі және аймақтың саяси өзгерістеріне куә болып, төңкеріс немесе ішкі, болмаса сыртқы қастандық барысында революция[...]
- Имам Хомейни Ислам республикасы жүйесін құрушы Исламның ұлық пайғамбары әулетінің ұрпағы, хазірет Әлидің (ғ.с.) немерелерінен тараған имам Хомейни 14 ғасырдан кейін ұлы тұлғалардың жолын Иранда жалғастырып, олардың үкіметтерінің үлгісін Иран қоғамында орнатты. Имам Хомейни Исламның негізгі тағылымдарына, Алла елшісі мен хазірет Әлидің (ғ.с.) жолдарына сүйеніп, Иран халқының қолдауымен ел қоғамында тамырын жайған үстемшіл жүйені құлатып,[...]
- Имам Хомейни сот жүйесінің міндетін халықты қорғап, әділет және құқықтық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету деп білді. Имам Хомейнидің сот және сот үкімі туралы пікірлері «Тахрир әл-Василе» деген кітабында көрсетілді. Имам бұл кітапта қылмыстық құқық бөлімін Исламдағы үкім тақырыбына арнап, Исламдағы сот пен сот үкіміне байланысты көзқарасын баяндады. Әрине имамның бұл тақырыпқа байланысты пікірі тек аталмыш кітаппен[...]
- Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, саяси-әлеуметтік азаттықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі – университеттер мен студенттердің іс-әрекетіндегі еркіндік. Иран Ислам революциясының жетекшісі діни қағидаларға сүйеніп, ислам үкіметіндегі азаттықты түсіндіріп, діни-этикалық мәселелер мен заңды негіздерді ұмытпай, сыбайлас жемқорлық пен жүйеге қарсы астыртын әрекеттердің қоғамның мүддесіне нұқсан келтірмеуін қадағалады. Имам Хомейнидің көзқарасы бойынша, саяси-әлеуметтік азаттықтың маңызды көрсеткіштерінің бірі –[...]
- Имам Хомейнидің Иранның мәдени, саяси және ғылыми маңызды институттарының бірі, университет және қоғамның маңызды және ықпалды топтарының бірі, академиялық орта туралы көзқарастарымен таныстырамыз. Иранда университеттер тек ғылым мен ой-пікір және зерттеу орталықтары ғана, олар өткен ғасырдағы қоғамның саяси өзгерістерінің негізгі бағыттарының бірі болды. Бұл университеттер Ислам революциясының жеңісіне маңызды әсерін тигізді, сондықтан олар имам Хомейнимен[...]
- Имам Хомейни университеттердің басты мақсаты мен міндеті ғалым, мүмін адамдарды тәрбиелеу деп санады. Университет қоғамдағы өзгерістердің қайнары және академиялық орта елдегі өзгерістердің маңызды және ықпалды топтарының бірі ретінде имам Хомейни идеяларында ерекше орын тапты. Имам Хомейни Исламның ғылымға деген ұстанымына жан-жақты талдау жасап, діни және заманауи ғылымдар арасындағы байланысты маңызды санап, ғылым мен иманды жеке[...]
- Имам Хомейни діни оқу орындары мен университеттердің бірлігін қоғамның дамуы үшін қажет санады. Имам Хомейни университет ұстаздарын қоғам мен халық тағдырына жауапты, себебі олар бұл мамандықты таңдап, жас ұрпақты дұрыс жолға нұсқау міндетін өз мойнына алды, сондықтан олардың жұмысы пайғамбарлардың міндетіне ұқсас деп санайтын. Имам Хомейни университет ұстаздарының міндетін қоғамды хабардар ету, жас буынға исламдық тәрбие[...]
- Әйелдің қоғамдағы рөлі, орны мен құқықтарына шолу жасап, имам Хомейнидің бұл мәселеге қатысты пікірлерімен таныстырамыз. Әйелдер әлем халқының жартысын құрайды. Олар әрқашан отбасы мен қоғамда маңызды рөл атқарды. Бірақ тарихи кезеңдер мен қоғамдардың көбінде зорлық-зомбылықпен бетпе-бет келіп, олардың құқықтары бұзылды. Тіпті кейбір жайттарда олардың құқықтарының бұзылуымен бірге абыройларына шабуыл жасалды. Кейбір қоғамдарда әйелдер құқықтарын қорғауға талпыныс[...]
- Әйелдер Ислам революциясының жеңіске жетуінде маңызды рөл атқарды. Имам Хомейни әйелдердің рөлін қуаттады, тіпті кейбір жайттарда әйелдердің рөлін ерлерден жоғары деп бағалады. Ислам революциясының көсемі имам Хомейни халықтың діни және ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, әйелдердің рөлін көтеріп, олардың саяси-әлеуметтік салаларға шынайы әрі белсенді қатысуы үшін жағдай тудырды. Имам Хомейни әйелдердің Ислам революциясына дейінгі саяси үстем жүйеде[...]
- Имам исламдық жүйеде әйелдердің саяси және әлеуметтік салаларындағы белсенділігіне шектеу қойылмайтынын қуаттады. Ирандық әйелдер елдің мақрұм аймақтарындағы кедейлік пен жоқшылықты жоюға және қоғамда әлеуметтік әділеттілік орнатуға қатысуларымен бірге Ирактың Иранға қарсы соғысы кезінде ер адамдармен бірге революцияны, оның жетістіктері мен тәуелсіздігін және территориялық тұтастығын қорғауға қатысты. Имам Хомейни әйелдердің елдің революциялық және сындарлы дамуындағы, сондай-ақ [...]
- Имам Хомейни балаларды тәрбиелеудегі әйелдердің рөлін пайғамбарлардың күш-жігерімен тең деп санайды және аналарды өз орталарын ғылым мен сенім мектебіне айналдыруға шақырады. Имам Хомейнидің пікірінше, Ислам әйелдердің ешбір құқығмен санасмаған қоғамды пайда болды. Ислам әйелге адамгершілік пен ғиззатты сый етіп, оның саяси және әлеуметтік құқыларын қабылдады. Иран халқының исламдық қозғалысындағы әйелдердің бұрынғы тағұт саяси жүйесінде немқұрайдылық[...]
- Имам Хомейни жастарды өте жоғары бағалайтын және құрметтейтін, сондай-ақ жастарға өте маңызды міндеттерді сеніп тапсырған. Жастық шақ - адамның өміріндегі маңызды кезең. Құмарлық, сергектік пен тазалық, зор қуат, махаббат пен батылдық және еңбекқорлық, идеализм, әділеттілік, тәуелсіздік пен жанқиярлық бұл кезеңнің ерекшеліктері. Бұл кезеңде адам жүрегінің тазалығы және өмірдің күнделікті мәселелерімен ластанбағандықтан шындықты және адами құндылықтарды[...]
- Имам Хомейни Ислам революциясындағы жастардың рөлін илаһи мұғжизаның көрінісі деп тауып, олардың алпауыт құдыреттерге қарсы тұрып, өз елін қорғай алатынын дәлелдеді. Имам Хомейни Иран халқының революцияшыл қозғалысын жастар қатысқан және маңызды рөл атқарған салалардың бірі деп атап: «Сіздер күшті жастары, иманды жастар, қадамдарыңыз тұрақты жастар бұл жеңіске жеттіңіздер. Мен осы уақытта ерікпен, Алланың қалауымен, өз[...]
- Қоғамдардың өмір сүруі мен дамуы көбіне сыртқы саясаттың түріне және басқа елдермен өзара әрекеттесуіне байланысты. Қоғамдардың өмір сүруі мен дамуы көбіне сыртқы саясаттың түріне және басқа елдермен өзара әрекеттесуіне байланысты. Сондықтан мемлекеттің сыртқы саясаты елдің саяси өмірінің маңызды аспектілерінің бірі болып табылады. Иранда Ислам революциясының жеңісімен саяси және әлеуметтік салаларда, әсіресе сыртқы саясат саласында маңызды[...]
- Имам Хомейнидің ислам жүйесінің сыртқы саясаты саласындағы маңызды қағидаларының бірі - бейбітшілік пен тату өмір сүру. Ислам революциясының негізін қалаушының пікірінше, халықаралық аренада ұлттың ар-намысы мен құрметін сақтау үшін зұлымдық, отаршылдық пен үстемдікпен күресу, әлемдегі зорлық-зомбылық пен әділетсіздікке негізделген үстемдік жүйеге қарсы тұру, елдер арасында бейбітшілік пен әділеттілік орнатуға талпыну, бір сөзбен айтқанда кез-келген үстемдікке[...]
- Үстемдікпен күресу және әлемдегі зорлық-зомбылық көрген халықтарға қолдау көрсету имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы көзқарасының негіздерінің бірі болып табылады. Үстемдікпен күресу және әлемдегі зорлық-зомбылық көрген халықтарға қолдау көрсету имам Хомейнидің сыртқы саясат саласындағы көзқарасының негіздерінің бірі болып табылады. Ислам революциясының негізін қалаушы исламдық елдердің бірлігін әлемдік державалардың әлсіздерге, әсіресе ислам халықтарына қарсы зорлық-зомбылыған қарсы тұрудың[...]